"Жуырда президенттің қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің жиынында біздің мәсеелміз қаралып, тек Алматы мен Алматы облысына ғана қатысты емес, жалпы табиғат қорғау заңнамасын бұзуға қатысты нақты тапсырмалар берілді", - деп еске салды Н. Ысқақов.
"Кеше өткен үкіметтің отырысында президенттің Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жоспары таныстырылды. Осы жоспарда барлық аумақтық органдарға еліміздің барлық табиғат қорғау аймақтарындағы табиғат қорғау заңнамасын бұзу оқиғаларын анықтау жөнінде тапсырма берілген", - деді ол.
"Яғни, барлық заңды және жеке тұлғаларды жаппай жан-жақты тексеріп шығу талабы қойылып отыр. Бұған қоса, заң бұзушыларды қатаң жазалап, сот жүзінде шешім қабыладу қажет. Табиғат қорғау аймақтарынан жер бөлу жөнінде заңсыз шығапрылған барлық шешімдердің күшін жою керек және Қауіпсіздік кеңесі төрағасының тапсырмасына сәйкес толыққанды мониторинг жүргізу қажет", -деді министр.
"бізге бұл шаруаға ақпан айына дейін уақыт берілді, яғни, жұмысты қазірден бастап қолға алу қажет. Соңғы мерзім- 15 ақпан болуы керек", - деді ол. "осы жөнінде Алматы мен Алматы облысымен тәжірибе бөлісулеріңізге болады, олар мұны қалай орындау керек екендігін жақсы біледі", -деп қосты Н.Ысқақов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 15 қарашада өткен Қауіпсіздік кеңесінің жиынында облыс Астана мен Алматы әкімдеріне үш айда елді мекендерде жүргізіліп жатқан құрылыстарда заңдылықтардың орындалуын тексеруді тапсырды. "Астана, Алматы және облыстар бас прокуратурасымен бірлесіп, үш айда ерекше табиғатты қорғауға алынған террирориялар және демалатын орындармен қоса, елді мекендерінің құрылыстарында барлық экологиялық және құрылыс нормалары сақталуын жіті тексерулері керек ", - деді Н. Назарбаев қауіпсіздік Кеңесінің отырысында.
Президент, "заң бұзушылықтарды болдырмау үшін арнайы шаралар қолдануды" тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті