"Жалпы құны 30 млрд теңгені құрайтын басымдық берілген инвестициялық жобалардың тізімі жасалды. Соған сәйкес, келісі жылы Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Өскемен, Семей, Балхаш, Орал және Тараз қалаларында кәріздік тазарту құрылғылары салына бастайды", -деді Н.Ысқақов.
Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет тарихи ластану көздерін жою жұмыстары қолға алынды. "Дария-У полигонынна 1000 конденсатордан тұратын бірінші партия ұшақпен Германияға өңдеуге жіберілді. "KEGOC"АҚ да өз бастамасымен ластанған конденсаторларды жоя бастады",- деді министр.
Сонымен бірге, оның айтуынша, Ақтөбеде АҚШ-тың CDM компаниясының қатысуымен жер асты суларын 6 валентті хромнан тазартудың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары табысты өткізілді. "Ағымдағы жылы Ақтөбеде жер асты суларын 6 валентті хромнан толық тазарту мен Шымкенттегі топырақ қабатын қорғасыннан тазарту жобасы үш жылдық бюджетке енгізіледі ", -деді мекеме басшысы.
Бұған қоса, Н. Ысқақовтың айтуынша, 2008 жылы Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, соның ішінде қатты күкірт қалдықтарын басқару жөніндегі ұлттық орталық құрылады.
"Семей ядролық сынақ полигонының жерлерін пайдалану шараларының жобасын жасау жоспарлануда", - деді министр.