ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғатты пайдаланушыларға экологиялық сәйкестік сертификаттарын беруді жоспарлауда - Нұрлан Ысқақов

"Министрлік келешекте бұқарамен бірлесе отырып экологиялық рейтинг қорытындысы бойынша кәсіпорындардың қызметіне экологиялық сәйкестік сертификаттарын беруді жоспарлауда ", - деді Нұрлан Ысқақов.

Министр компаниялардың экологиялық рейтинг тағайындауға мейлінше бюелсенді қатысатындығына сенім білдірді. "Бұл бағыттағы біздің стратегиялық мақсат - Қазақстандағы өнеркәсіп орындарының 80%-дан кем емес бөлігінің осы рейтингіге қатысатын болуы", -деді ол.

"Экономиканың дамуы қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Кез-келген компания өзінің бәсекелестерімен салыстырғанда өзінің экологиялық шығындарын төмендету мақсатын лаға қоя алады", - деді Нұрлан Ысқақов.

"Мәселен, танымал "Арселор Миталл Теміртау" компаниясы өз саласы бойынша рейтингтің орта тұсында (10 орын) және жалпы рейтингте 105-ші орында. Бұл орайда ауаға тасталатын қалдық мөлшерін 25% азайтса, оған өз көрсеткіштерін біршама жақсартып, салалық рейтингте 7-ші орынға, ал жалпы рейтингте 10 орынға көтерілуге мүмкіндік бар. Кез-келген кәсіпорын үшін жағдай осындай", -деді министр.