Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, парламенттің қарауына "ҚР сайлау туралы" Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" үш бірдей заң жобасы ұсынылған. Олардың біреуін үкімет ұсынса, қалған екеуін парламент депутаттарының екі тобы әзірледі. Алайда, соңынан "Отан" партиясының депутаттық фракциясы өз жобасын кері қайтарып алып, заң жобасының үкіметтік үлгісіне енгізілетін түзетулер топтамасын жолдады.
Сондай-ақ, палаталардың бірлескен отырысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасының лауазымына тағайындауға парламентпен келісу үшін жаңа үміткердің есемін ұсынады деп күтілуде. 2004-жылдың қаңтар айының басында Григорий Марченко ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалғаннан бері ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынтағы бос қалған болатын. Қазір Ұлттық банк төрағасының міндетін бұрынғы төрағаның орынбасары Әнуар Сәйденов уақытша атқаруда.