ҚР Салық комитеті Есеп комитетінің салық органдарының жұмысы туралы ескертулерін жөнсіз деп есептейді

Салық бойынша берешек көлемінің айтарлықтай болуы мәселесіне орай Салық комитетінің басшысы биылғы жылдың басында бұл сома 46,6 млрд теңгені құрағанын айтты. "Қаражат өте үлкен сияқты көрінгенімен біз барлығы 3,4 трлн теңге жинағанымызды есепке алар болсақ, бұл салық түсімінің жетіспеушілігі 1,4 пайызды құрайды", - деді ол.