"РФ сауда-өнеркәсіптік палатасы елімізде, ал біз Ресейде өз өкілдігімізді ашуды көздеп отырмыз. Екінші өкілдік ҚХР-дан елімізге экспортталатын өнімдердің 75 проценті өндірілетін Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағында, ал үшіншісі Ташкентте ашылады",- деді А.Мырзахметов.
"Қазіргі таңда Өзбекстанның экономикасы Қазақстанмен салыстырғанда төменгі деңгейде дамыған. Соған қарамастан, осынау ауқымды рынок ерте ме, кеш пе әйтеуір ашылатыны белгілі. Сондықтан оған дайын болу керек",- деді ол.
А.Мырзахметовтың айтуынша, өкілдіктерді ашу үшін кем дегенде 100 мың доллар қажет.