Құжатқа сәйкес, тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға күш салмақ. Атап айтсақ, инвестициялық бас қосулар мен форумдар өткізіп, екі елдің кәсіпкерлерін қызықтырған коммерциялық ақпараттармен алмасады.
Сонымен бірге сапар барысында Қазақстан өкілдері Азия даму банкі мен Әлемдік банктің мұрындық болуымен Сингапурдың сауда және индустрия министрлігі ұйымдастырған "Қазақстан мен Өзбекстанның инвестициялық мүмкіндіктері" атты конференцияға қатысты.
Форум аясында қазақстандық өкілдер Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесерін жасап, Сингапурлық кәсіпкерлерге Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық басты даму бағыттарымен таныстырды.
Сингапурдың түрлі бизнес салаларындағы даму тәжірибесімен танысу үшін қазақстандық өкілдер осы елдің бірқатар кәсіпорындарын аралап шықты.