ҚР шекара әскерлері Қырғызстан аумағынан кетуге ниет білдірген Қазақстан азаматтарын шығарып жатыр

Ал ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қырғызстан аумағынан адамдарды шығаруға тыйым салған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 25-наурыз күні таңертең Джалал-Абад қаласындағы Қырғыз-Түрік лицейінде оқып жүрген қазақстандық студенттер Бішкекке жеткізілді.
Кеше еліміздің Бішкектегі елшілігі Джалал-абадтағы студенттерді көшіру үшін 4 автобус жіберген. Елшіліктің бір қызметкері студенттермен бірге болды.
Студенттер бүгін Қордай шекара өткелегіне жеткізілді.
Елшіліктің хабарлауынша, Бішкек жоғары оқу орындарында оқитын Қазақстандық студенттер көмек сұрап елшілікке келуде. Елшілік оларды мүмкіндігіне сәйкес Қордайға жеткізуге шаралар қолданып жатыр.