ҚР шекара күзетшілері 12 кг алтын бұйымдарын өткізбек болған 18 Румыния азаматын ұстады



Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, шекара қызметкерлері 10-казан күні Қазақстаннан Ресейге бет түзеген 5 "Ореl" маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында шекарашылар зергерлік бұйымдар мен декларацияда көрсетілмеген $6 мың АҚШ доллары жасырылған құпия қойманы тапты. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті