Салдарынан «УАЗ» көлігінің жүргізушісі мен 5 жасар бала қаза тапты. Жүргізуші шарт бойынша әскери қызмет атқарған, деп жазады ақтаулық «Тумба» газеті.
ЖКО 31 қазан күні аудан орталығының Досан Тәжиев көшесінде таңертеңгі сағат 10-дар шамасында болған. Апаттан 6 адам жапа шекті. Үшеуі болар-болмас жарақат алған. Қалғандары Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.