Мәселен, Ақтау шекара отрядының "Даля" күзет жасағы Қазақстан аумағына 5,5 тонна жанармайды жасырын алып өтпек болған ЗИЛ-131 жүк автокөлігін ұстады.
Ал Тараз шекара отрядының "Қосат" шекара бекетінде автокөлігіне 9 кг (героин болуы мүмкін) есірткі затын жасырып өтпек болған Ресей азаматы тұтқындалды.
Материалдар мен тәркіленген заттар ҰҚҚ органдарына табыс етілді.
ҚР шекара қызметінің күшімен өткен аптада мемлекеттік шекараны бұзған 147 адам ұсталды
