ҚР шекара қызметінің шекарашылары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының еліміздегі орталығының төрағасын Алматы-Астана бағытындағы рейспен Алматы әуежайынан ұшпақ болған жерінен ұстаған

ҚР шекара қызметінің мұндай жоғарғы дәрежелі дипломатты ұстау себебі әзірше беймәлім.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының еліміздегі орталығының баспасөз қызметіндегілер бұл оқиға туралы түсініктеме беруден бас тартуда. Оқиға туралы ақпарат ҚР ҰҚК шекара әскерлерінің баспасөз қызметінде нақтылану үстінде.