"СІМ дипломатиялық желілер арқылы тексерумен шұғылданып жатқан құзырлы құрылымдармен байланысқа шығып, лаңкестік әрекеттер орнында Қазақстан азаматтары болған-болмағанын анықтау үстінде", деді баспасөз қызметіндегілер.
Шетелдік БАҚ-тардың ақпаратына сәйкес, сәрсенбі күні кешкісін Аммандағы үш бірдей халықаралық мейманханада жарылыстар болған.
Лаңкестік әрекеттер салдарынан Амманда кем дегенде 67 адам опат болды. Түрлі ақпараттарға сәйкес, жараланғандар саны 150-300 адам аралығында.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 10-қарашада Иордания королі Абдалла II бен Хусейн бен Талал бен Абдалла Аммандағы жарылыстарға байланысты Қазақстанға ресми сапарын мерзімінен бұрын аяқтап, еліне оралды.