ҚР СІМ АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық студенттің мәйітін Отанына жеткізуге көмектеседі


Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Т.Бекшентаев отырған көлік бұрылатын жерде бірнеше рет аударылып, ағашқа соғылған.

ҚР СІМ-не қаза тапқан азаматтың туыстары оның мәйітін Отанға қайтару өтінішімен барған.  Сыртқы істер министрлігі бұл істе қолынан келгенін жасайтынын айтты. Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығының қызметкерлері жол-көлік апатының мән-жайын анықтап, жапа шеккен азаматтың мәйітін Қазақстанға тасымалдау үшін қажетті құжаттарды әзірлеуде.