ҚР СІМ Әзербайжан Республикасының елшісін қабылдады

Кездесу барысында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары және экономикалық мәселелер жөніндегі Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының биылғы наурыз айында өткен екінші отырысы барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер талқыланды.

Кездесуге қатысушылар барлық салада екі жақты қарым-қатынастарды дамыту қажеттігі жайында сөз қозғады. Сауда және экономика саласындағы нақты жобалар сарапқа салынды. Дипломаттар Астанада Әзербайжан Республикасының елшілігін ашу өзара тиімді екі жақты ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап көрсетті.