ҚР СІМ Азия ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бас қосуына қатысады

Отырыс барысында Азия аймағындағы саяси және экономикалық өзекті проблемалар бойынша пікір алмасылады. Қ.Тоқаев Азия құрлығындағы бірқатар елдерден келген өз әріптестерімен жүздеседі деп межеленген.

Азия ынтымақтастық диалогына Жапония, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппины аралдары, Оман, Кувейт сынды Азиядағы 25 ел енеді. Қазақстан - Азия ынтымақтастық диалогына 2003-жылы мүшелікке қабылданған Орталық Азиядағы бірден-бір ел.