ҚР СІМ бірқатар кездесулер өткізді

Кездесу кезінде Қ.Тоқаев Я.Кубишке Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге түрткі болғаны үшін ризашылық білдірді.

Бүгін, 14-маусымда Қ.Тоқаев сонымен бірге АҚШ, Ұлыбритания және Франция елшілерін қабылдады. Олар министрге Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі келісім-шартының жобасына қатысты үш мемлекеттің ұстанымы жарияланған ұжымдық нотаны тапсырды.