ҚР СІМ бірқатар сыртқы саяси форумдарға қатысады

Атап айтсақ, Е.Ашықбаевтың айтуынша, Қ.Тоқаев 30-қарашада Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарты ұйымына мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады.

5-6-желтоқсанда Қ.Тоқаев еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына біріккен елдердің сыртқы істер министрлерінің Любляна қаласында өтетін жыл сайынғы кезекті кеңесіне атсалысады.
Сонымен бірге 8-желтоқсанда ҚР СІМ Солтүстік Атлантикалық Альянстың Брюссельдегі бас пәтерінде Евро-Атлантикалық әріптестік жөніндегі кеңесінің сыртқы істер министрлерінің бас қосуына қатысады.