ҚР СІМ еліміздегі өкілеттілік мерзімі аяқталуға байланысты Иран елшісін қабылдады

Қазақстанның сыртқы саясат мекемесінің басшысы саяси және экономика саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Иран елшісіне ризашылық білдірді.

Кездесуге қатысушылар соңғы жылдары екі жақты сауда-саттық көлемі елеулі артып, жоғары саяси деңгейдегі байланыстар жиілей түскенін атап өтті.