Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ықпалдастық мәселелері мен Орталық Азия аймағындағы ағымдағы ахуал туралы талқыланды.
Сондай-ақ, ҚР СІМ еліміздегі Жапония елшісі Тосио Цунодзакиді қабылдады. Кездесуде екі жақты ықпалдастық туралы және 2004-жылдың тамыз айында Астанада болған "Орталық Азия -Жапония" форматындағы диалог нәтижелері сарапқа салынды.
"Бұл форумның келешегі мен әлеуетін жоғары бағалаған тараптар Диалог шеңберіндегі ықпалдастықты одан әрі жалғастыруға келісті",- дейді ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.