ҚР СІМ елімізге елшілікке жаңадан тағайындалған дипломаттарды қабылдады

Атап айтсақ ол Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тэцуо Ито мен ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сиюньді, Португия Республикасының Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы төтенше және өкілеті елшісі міндеттерін қоса атқаратын Мануэль Марселе Монтейра Куртаны, Данияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын Пер Карлсенді қабылдады.

Шетелдік дипломаттарды Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші болып тағайындалуымен құттықтаған еліміздің сыртқы істер министрі екі жақты қарым-қатынастарды дамыту тақырыбын талқылады.