Кездесу барысында Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екі жақты ынтымақтастығы туралы мәселе талқыланды. Елшілердің сауалына жауап берген Қ.Тоқаев Қазақстанның демократиялық реформаларды қолдайтынын, Қазақстан мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Еуропалық Одақпен ынтымақтастық - еліміздің сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Кездесу кезінде Еуропалық Одаққа мүше елдердің елшілері Қазақстанның Орта Азиялық мемлекеттердің одағын құру туралы идеясына, Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының Астанада өтетін саммитіне, Қазақстан мен халықаралық құрылымдар арасындағы ынтымақтастық перспективасына, соның ішінде Солтүстік Атлантикалық Альянс пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымдарымен қарым-қатынасына біршама қызығушылық танытты.
Сонымен бірге кездесу барысында Орталық Азия аймағындағы ахуал мен Еуропалық Конституцияға қатысты референдумдардан кейінгі Еуропалық Одақтың даму мәселелері қаралды.