"Астананың 10 жылдығына арналған алдағы мерейтойлық думанға орай Сыртқы істер министрлігі Интернетте www.kazakhstanlive.com мекенжайы бойы орналасқан арнайы сайт жұмыс істейтін болады", - деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, бұл сайт қаланың тарихы, оның қазіргі дамуы жайындағы мәліметтерді толық қамтыған. "Барлық ақпарат ағылшын тілінде ұсынылған. Бұл біздің алдағы мерейтойға деген сыйлығымыз", - деп түсіндірді ол.