ҚР СІМ Каспий маңындағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде өтетін кеңесіне қатысады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан сыртқы істер министрлерінің кездесуі Ресей жағының бастамасымен Мәскеуде өтеді.

Кездесуге қатысушылар Каспий теңізін қоршай орналасқан мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын жасау, халықаралық лаңкестікке қарсы күрес саласындағы өзара ықпалдастықты күшейту мәселелері бойынша пікір алмасады.