ҚР СІМ Малидегі шабуыл жасалған қонақ үйде қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр


Бұл туралы Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы өзінің Твиттердегі  аккаунтінде хабарлады.

Еске сала кетейік, БАҚ-тың хабарлауынша, қаруланған адамдар Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйіне шабуыл жасады. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, қонақ үйде 170 тұтқын бар.  Атыс жүріп жатыр, үш адам құрбан болған болуы мүмкін.