Бұл кездесу Д.Дашнямның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталуға байланысты өткізілді. Елші 2001-жылдың маусым айынан бері елімізде елшілік қызмет атқарды.
Министрмен кездесуден кейін елші Қазақстан мен Монғолия арасындағы ынтымақтастықтың дами түскенін атап өтті. Мәселен, 2004-жылы екі ел арасындағы тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 есе өскен.
Д.Дашням Монғолияның жаңадан сайланған президенті Намбарын Энхбаярдың алдағы Қазақстанға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға тың серпін береді дегенге сенім білдірді. Монғолияның жаңа президенті Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитіне бақылаушы ретінде қатысады деп күтілуде.
"Бұл - біздің президенттің шетелге жасағалы отырған алғашқы сапары және оның бауырлас Қазақтаннан басталуы бізді қуантады",- деді елші.