ҚР СІМ Нұрлан Қаппаровтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтты

Сыртқы ведомствоның хабарлуынша, Қытайдағы Қазақстан Елшілігі марқұмның денесін елге әкелуді ұйымдастыратын болады. 

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Бейжің уақыты бойынша сағат 14:30-да Қытай астанасындағы мейрамханалардың бірінде түскі ас мезгілінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның басшысы Нұрлан Қаппаров жүрек талмасынан қайтыс болды. 
Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы. 
1970 жылы туған. Алматы технология институтын, Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін бітірген, мамандығы бойынша инженер-экономист, мемлекеттік басқару магистрі.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, «Акцепт» корпорациясын құрып, 1991 жылдан 1997 жылға дейін оның президенті болды.
«КазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания», «Казахойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» акционерлік қоғамдарының президенті болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары болып тағайындалған.
2003 жылдан - «Ланкастер групп Қазақстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2012 - 2013 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi.


2013-2014 Қоршаған ортаны қорғау және су ресустары министрі.

2014 жылдың 7 тамызынан бастап, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы мен директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстанның ҚХР елшілігі Пекинде кенеттен қаза болған “Қазатомөнеркәсіп” жетекшісі Нұрлан Қаппаровтың мәйітін елге жеткізу үшін керекті процедураларды жүргізуде.
Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметінен бейсенбіде таралған хабарламада айтылған.
“Қазатомөнеркәсіп” ұлттық компаниясы басқармасының басшысы міндетін атқарушы әзірге тағайындалған жоқ, деп хабарлады бейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" компаниядағы хабардар дереккөз.
30 наурыз күні ол 45 жасқа толар еді.
Н.Қаппаров кезінде "ҚазТрансОйл" президенті, "Қазақойл" президенті, энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болған.
2012-2014 жылдары қоршаған ортаны қорғау министрі болған.
2014 жылы 7-тамызда “Қазатомөнеркәсіп” жетекшісі болып тағайындалған.