М.Атановтың түсініктемесіне сәйкес, Қырғызстан Жогорку Кенешінің жұмыс кестесіне сәйкес, шекараны делимитациялау туралы келісім комитеттерде табысты келісілді. Алайда, құжат парламенттің отырысында таныстырылуы тиіс күні Бішкекте биліктің алмасуына алып келген белгілі оқиғалар болды.
Елшінің айтуынша, қазір аталмыш келісім-шарты қайтадан парламенттің қарауына ұсынылуда. Келісім бекітілгеннен кейін бұл учаскеде комиссия екінші кезең жұмыстарын қолға алып, мемлекеттік шекара сызығы белгіленеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстанмен арадағы мемлекеттік шекара сызығы туралы келісімді бекіту туралы заңға Қазақстан президенті 2004-жылдың шілде айында қол қойды. Мемлекеттік шекара "Қазақ және Қырғыз КСР-і арасындағы әкімшілік-аумақтық шекараның негізінде", сондай-ақ, өзара келісілген картографиялық материалдар негізінде делимитацияланды. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзындығы 1241,58 шақырымды құрайды.