"Басты айқындаушы бөлігі - салымдардың өзін-өзі ақтау жылдамдығы болып табылатын қазір етек алған сыртқы рыноктарға экспансия, ұлттық инвестициялық ресурстардың шектеулілігі мен мемлекеттің салмақты қатысуы, сондай-ақ, реципиент-елдердегі күрделі тәуекел факторларының болуы - міне, осының бәрі Қазақстанның экономикалық субьектілерінің сыртқы белсенділігін үйлестірудегі СІМ-нің шешуші ролін айқындап береді",- деді М.Тәжин.
Осыған байланысты министрдің пайымдауынша, "түрлі рыноктарға кіру туралы, ірі инвестициялар туралы, шетелдермен экономикалық әріптестік конфигурацияларын құру туралы шешімдер СІМ мен оның шетелдердегі мекемелерінің тікелей қатысуымен қабылдануға тиіс". "Біз экономикалық субьектілердің шаруашылық іс-қызметіне араласпаймыз, бірақ, Қазақстан үшін зиянды болуы мүмкін кері әсерлер мен залал-зардаптар туралы, соның ішінде саяси зардаптар туралы да алдын-ала ескертіп, өзіміздің ұлттық мүддемізді қамтамасыз етуге біз міндеттіміз",- деді министр.
"Біз үкіметтің экономикалық блогы өкілдері мен жеке меншік кәсіпкерлік құрылымдармен бірлесіп шетелдік рыноктарға шығудың айқын стратегиясын жасауға дайынбыз. Ондағы мақсат - Қазақстан дипломатиясының отандық бизнестің мүддесін тиімді ілгерілету мен қорғау мүмкіндігіне қол жеткізу",- деді М.Тәжин. Ол сонымен бірге "бұл тек экономикалық тиімділікке ғана емес, сонымен бірге қауіпсіздікке де, біздің саяси міндеттемелеріміз бен ұзақ мерзімді ұлттық мүддемізге қатысы бар мәселе", деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті