ҚР СІМ Ресейде Федералдық қауіпсіздік қызметкерінің құлдығында болған қазақстандықтың ісін анықтау үстінде

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Оның айтуынша, Ресейден аталмыш істің негізгі мағлұматтары келіп түскеннен кейін, Қазақстан тарапынан аталған азаматтың құқығын қорғау бойынша тиісті қадамдар жасалатын болады.

«Челябі облысында қамалған азаматтың ісі жағдайынан біздің Омбыдағы консулымыз хабардар. Бұл жөнінде Ресей СІМ-нің Омбыдағы өкілдігіне және Челябі облысының ішкі істер органдарына тиісті хаттар жолданған болатын», - деді А. Әбдірахманов.

Қазақстанның Омбы қаласындағы консулдығының ақпараты бойынша, қазақстандық азамат өткен жылдың соңында босатылды.