ҚР СІМ ресми сапармен Монғолияға барады

Еліміздің бас дипломаты Монғолия СІМ Нямагийн Энхболд мырзаның шақыруымен ол жаққа бармақшы.

"Сапар аясында Монғолия президенті Намбарын Энхбаяр, үкімет басшысы Миеэгомбын Энхболд және осы елдің СІМ-імен екі жақты кездесулер өткізіледі",- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті