ҚР СІМ ресми сапармен Түрікменстанға барады

Елшінің айтуынша, министр Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязовтың қабылдауында болады. "Кездесу барысында министр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын табыс етеді",- деді ол.

Сапар барысында сонымен бірге Қ.Тоқаев өзінің Түрікменстандық әріптесі Р.Мередовпен келіссөздер жүргізеді,- деді Е.Ашықбаев.

"Екі жақты келіссөздер саяси, сауда-экономикалық, көлік, мұнайгаз және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтардың келешегіне арналады. Қазақстан -Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау үдерістері жөніндегі Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы келісім-шартты бекіту жөніндегі грамота алмасуға қатысты хаттамаға да қол қойылады деп күтілуде",- деді СІМ өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті