ҚР СІМ Таиландтағы ішкі саяси дағдарыс бейбіт жолмен реттеледі деген үмітте

«Біз Таиландтағы ішкі саяси дағдарыс бейбіт жолмен және құқықтық өрісте реттеледі деген сенімдеміз», - делінген Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметі Таиландтағы жағдайға қатысты берген түсініктемесінде.

Таиландтағы әскери жағдай жарияланғаннан кейін 22 мамырда онда коменданттық сағат енгізілді. Ол бүкіл ел аумағында жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 5:00-ге дейін жүргізіледі.



Осы орайда сыртқы істер министрлігі Таиландта жүрген және сол елге баруды жоспарлаған Қазақстан азаматтарына барынша сақ болуды, қақтығыс орындарына, адам аяғы көп жүретін жерлерге бармауға, елдің құқық қорғау органдарының нұсқаулығын орындауға, коменданттық сағат кезінде тұратын жерлерді тастап кетпеуге және елден уақытынан бұрын кетуді жоспарлауға кеңес береді.