ҚР СІМ-де Сауд Арабиясында қазақстандық студенттерді ұстағаны туралы ақпаратқа түсінік берді

«Қазіргі сәтте бізде осы жылғы 20 желтоқсанда Медине қаласынан Қазақстанның үш азаматын ұстағаны туралы ақпарат бар. Олар - Медине қаласындағы Ислам университетінің студенттері. Қазіргі уақытта Сауд Арабиясындағы біздің Елшілік оларды ұстау себептерін анықтауда. Бұдан кейін оларға мұндай жағдайларда консулдық-құқықтық  қажетті көмек көрсетіледі.

БАҚ-та айтылған басқа екі қазақстандықты ұсталғаны туралы бізде Сауд билігінен келген ресми хабарлама жоқ», - деп хабарлады ҚазАқпаратқа  ҚР СІМ баспасөз хатшысы  Әнуар Жайнақов.


Бұл ақпарат қазір дипломатиялық арналар бойынша тексерілуде.