ҚР СІМ-нің алдын-ала мәліметі бойынша, АҚШ-та "Катрина" дауылының салдарынан Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан елшілігі қазір зілзаладан зардап шеккен аудандарға барған болуы мүмкін Қазақстан азаматтары туралы ақпараттар алу үшін жергілікті мекемелермен байланыста отыр.

Дауылдан Луизиана, Миссисипи, Флорида және Алабама штатары артықша зардап шекті. Соңғы мәліметтерге сәйкес, дауыл құрбандарының саны 160-тан асады.