"30 шілдеде Нью-Йоркте БҰҰ-ның әйелдерге қатысты алалаушылықты жою жөніндегі комитетінің 2009-2011 жылдарға арналған сайлауы өтеді. Еліміздің атынан ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынованың кандидатурасы ұсынылған. Ол Нью-Йоркте СИДО Конвенциясына қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының өкілдерімен кездеседі", - деді І. Омаров.