Министрліктің ақпараты бойынша, Қызылордада жеке жер үйде пештің дұрыс жұмыс істемеуінен 26 ақпанда сағат 10.35 минутта бір адам көмір қышқыл газынан уланып көз жұмды, ал екі адам ауруханаға жеткізілді.
Сонымен қатар, Шақтас ауылында (Оңтүстік- Қазақстан облысы) 26 ақпанда жер үйлердің бірінде көмірмен жағылатын пештің ақаулығынан көмір қышқыл газынан бір адам уланып қаза болды,ал екіншісі ауруханаға таңылды.