ҚР сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясы 58-сессиясының пікірталастарына қатысады

Сессия барысында ҚР сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясының ВИЧ/СПИДпен күрес жөніндегі Декларациясының орындалу барысына арналған жоғары дәрежелі жалпы отырысында сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Қ.Тоқаев Бейтарап елдер қозғалысына мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы бас қосуы мен Ислам Конференциясы ұйымына мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы үйлестіру жиынына қатысады.

Сондай-ақ, Қасымжомарт Тоқаевтың БҰҰ бас хатшысымен, Германия, Франция, Бельгия, Корея Республикасы, Түркия, Ауғанстан және басқа да бірқатар елдердің сыртқы істер министрлерімен екі жақты кездесулері жоспарланған.