Қазақстан сыртқы саясат мекемесі басшысының атап көрсеткеніндей, "осынау қанқұйлы әрекет Ирак халқына соғыстың ауыр зардаптарын жеңіп шығуға қол ұшын беріп, Иракты қалпына келтіруге белсене күш салып отырған БҰҰ-на қарсы бағытталған" . Сондай-ақ, хабарламада Ирактағы ахуалды тұрақтандыруға, елді қайтадан жаңғыртуға бағытталған БҰҰ-ның жетекшілік ролін Қазақстан дәйекті қолдайды деп атап көрсетілген.
Қ.Тоқаев Сержио Виейра ди Мелудің отбасы, туыс-туғандарына, сондай-ақ, Ирактағы БҰҰ миссиясының өкілдеріне көңіл айтты. Сонымен бірге, ҚР сыртқы істер министрі БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннаның атына көңіл айтып жеделхат жолдады.