ҚР сыртқы істер министрі мен Нидерланды Корольдығының үкіметтік өкілдерінің кездесуінде екі жақты байланыстарды дамыту мәселесі талқыланды

ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында екі жақты қарым-қатынасты нығайту, екі елдің қазіргі сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастық ахуалы мен келешегі туралы мәселелер талқыға салынды. Тараптар аймақтық және халықаралық ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бүгін сондай-ақ, Қазақстан сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев Украинаның Қазақстандағы тұңғыш елшісі, 2000-жылы 2-дәрежелі "Достық" орденімен марапатталған Виктор Богатырьға Қазақстан Республикасының Украинадағы Құрметті консулы деген патент тапсырды.