ҚР сыртқы істер министрі мен Түркия елшісі екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Дипломаттар сұхбат барысында сауда-экономикалық, құрылыс және энергетика саласындағы Қазақстан-Түрік ынтымақтастығын жандандыру мәселелері жөнінде сөз қозғады.

Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 15 жылдығы қарсаңында өзара құттықтаулармен алмасты. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы наурыздың 2-сінде орнаған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті