ҚР сыртқы істер министрі «Сэнди» дауылына байланысты АҚШ азаматтарына көңіл айтты

Е.Ыдырысов АҚШ-тың шығыс жағалауында ондаған адамдардың өмірін қиып кеткен және үлкен залалға ұшыратқан табиғат апатын терең қайғырған сезіммен қабылдағанын атап көрсетті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Құрама Штаттар халқы үшін аса ауыр осы кезде біз сіздердің қайғыларыңызды бөлісеміз және апат құрбандары отбасыларына терең қайғырған көңілімізді білдіреміз», - делінген жолдау мәтінінде.