ҚР сыртқы істер министрі Түркияға ресми сапармен барады

Елшінің айтуынша, сапар бағдарламасында, Түркия Республикасының президенті Ахмед Недждет Сезермен, және Түркия премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесулер жоспарланған.

"Кездесулер барысында екіжақты сауда-экономикалық, энергетикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың ахуалдары мен болашағын талқылау, сондай-ақ, халықаралық саясаттың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу көзделуде", деді Е.Ашықбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті