"Наурыздың 3-мен 5-і аралығында ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Женеваға барады. Ол БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 7-ші сессиясының жоғары деңгейдегі бөлімінде, БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі конференциясының жалпы отырысында сөз сөйлейді", - деді Е. Ашықбаев.
Сонымен бірге, Сыртқы істер министрлігінің өкілі сапар барысында М. Тәжиннің БҰҰ Еуропа бөлімінің бас директоры Сергей Орджаникидземен, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Луиза Арбурмен, ДСҰ-ның бас директоры Паскаль Ламимен, Люксембургтың премьер-министрінің орынбасары әрі сыртқы істер министрі Жан Ассельборнмен, сондай-ақ, Словакияның сыртқы істер министрі Ян Кубишпен екі жақты кездесулері жоспарланған.