ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына Тайландқа барудан уақытша бас тартуды сұрайды

"Тайланд елінде күрделі ішкі саяси ахуалдың сақталуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына Тайландқа барудан уақытша бас тартуды сұрайды",- деді ол.

Оның айтуынша, "қазір бұл елде жағдай жалпы алғанда тыныш, бірақ ел астанасы Багкоктың халықаралық әуежайының қызметіне шектеу қойылып отыр. Ал Қазақстанның авиатасымалдаушысы "Эйр Астана" негізгі рейстерді осы әуежайға жасайды".

Министрлік мәліметі бойынша жалпы аталған елде 500-ден астам Қазақстан азаматтары туристік сапармен жүр. Ал Тайланд елінде тұрақты тұраны және консулдық есепте тұрған азаматтардың саны -20.

Қазақстан елшілігінің дипломаттары азаматтарға Бангкоктан ұшып шығуға байланысты қиындықтардан хабардар етіп, оларға қонақүйлерден шықпау, бейқамдық сақтау туралы кеңес беріп отыр.