ҚР Сыртқы істер министрлігі үкіметке "Еуропаға апарар жол" бағдарламасының жобасын таныстырды

Бұл құжат Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халықан арнаған жолдауында жария етілген тапсырмаға сәйкес дайындалды, деді мекеменің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев.

Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті қаражат 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте қарастырылады.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру арқылы Қазақстан Еуропаның жетекші елдерімен саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріліп, Еуропа елдерімен арадағы тауар айналымын жыл сайын ұлғайтып отыруға жағдайлар жасалып, Еуропалық Одақ елдерінің талаптарына сай келетін техникалық регламенттер мен үйлесімді стандарттар қабылданады, деді Р.Жошыбаев.