ҚР сырттан кіргізілетін ауыл шаруашылық техникасының баж салығы төмендетіледі

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, нольдік ставкасы жердің кеңейтілген өңдеуін жасайтын техникасы үшін қарастырылған. Сонымен қатар, жүкті тиеу, тіркелгіш, дестелегіштің бес пайыздың баж салығы алынып тасталған. Сонымен қатар, егін себу құралдарының бес пайыздық салығының орнынан нольдік ставкасы ортанылды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, қазақ нарығына жылан бауыр трактор көп көлемде жеткізіледі. Олардың кедендік ставкасы 15 пайыздан, 5 пайызға дейін төмендетілді. "Жылан бауыр техникасының он бес пайыздық салық төлемі шаруашылық қожалықтары үшін тым жоғары құн болатын", -деп хабарлады ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.

Барлық кедендік төлемдерге байланысты өзгертулер сырттан әкелінген техникамен байланысты. Ал кедендік Одақ мүшелерінің техникаларына кедендік төлемдер салынбайды.

Елдік аграрлық секторына 30 пайыз ауыл шаруашылық техникасын жеткізіп отырған"ҚазАгроФинанс" АҚ атап өткеніндей, ҚР үкіметінің "ҚР сыртқы экономикалық қызметіндегі тауар тізбектемесі мен кедендік тарифтер жөніндегі қаулысы" отандық ауыл шаруашылық өндірісшілеріне үлкен көмек көрсетеді.

Компанияның пікірінше, бұл қаулы республикаға жоғары сапалы техникаларды жеткізуге қолқабыс болып, қазақстандық аграрлықтардың жоғары технологияларға тартылуына мүмкіндік туғызады.

Баспасөз хатында жарияланғанындай, "ҚР АШМ "ҚазАгроФинанс" АҚ бірлесе отырып, ҚР индустрия және сауда министрлігіне жылыжайларды қосымша құн салығынан босатылған мүлік тізіміне қосып, кеден салығын төмендету немесе алып тастау жөнінде ұсыныстарын жіберуді жоспарлап отыр.