ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы Қазақстанда электр жалғастыру желілеріндегі технологиялық шығындарды азайтуға шаралар қолдану қажет деп санайды

"Біз шығын көлемін көлденең тарта берудің орнына оларды азайтуға бағытталған нақты жұмыстарға көшуіміз қажет. Тез арада желілерді жаңалауға, әбден ескірген есеп жүйелері мен аспаптарды алмастыруға, қуат үнемдеуге көшкеніміз абзал",- деп мәлімдеді Б.Сағынтаев.

"Электр жалғастыру компанияларының баға құрылымында нормативтік техникалық шығындардың өтемі ең жоғары үлес салмаққа ие. Олар 14-48 процентін иемденеді", ал дамыған елдерде шығындардың көлемі 10 проценттен аспайды",- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті