ҚР теннисшісі Ю.Щукин «Челленджердің» екінші айналымына шықты

«Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 35 мың АҚШ долларын құрайтын «Челленджер» сериясындағы халықаралық турнирдің екінші айналымына шықты. Ол марокколық Ирнес Рашидиді 6:1, 6:1 есебімен ұтты», - делінген баспасөз хабарламасында.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші испандық Гильерме Алкаидпен ойнайды.