Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Улан-Удэ авиациялық зауыты жасап шығарған жаңа МИ-171 апатты-құтқару тікұшағын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына беру Астананың халықаралық әуежайында болған. Тікұшақтың таныстырылымдық көрсетіліміне төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко және авиазауыт өкілі "Авиаконсалтинг" ЖШС-нің бас директоры Андрей Косолапов қатысты.
Тікұшақтың таныстырылым аяқталғаннан кейін баспасөз мәслихаты өткен. Онда төтенше жағдайлар министрі мен Андрей Косолапов тілшілер сұрақтарына жауап берген. Атап айтқанда, Владимир Божко тілшілердің сұрақтарына жауап бере тұрып, бұл тікұшақтың Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі ресей авиазауытынан сатып алған екінші тікұшақ екендігін атап көрсетті.
"МИ-171 тікұшағы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" республикалық-мемлекеттік кәсіпорынының қарамағында бір жылдан астам уақыт қызметте болған. Осы уақыт ішінде Қызылорда облысында Сырдария өзенінің тасуы кезінде апатты-құтқару жұмыстарын жүргізген кезде, Жезқазған облысында "Протон" зымыран тасығышы құлаған кезде, Қазақстан территориясында қыс мезгілдеріндегі қарлы борандар кезінде ол жақсы жағынан танылды", - деді ол.
Министрдің айтуынша, "тікұшақтың техникалық сипаттамалары қанағаттандырарлық, алайда, тікұшақты қараңғыда апатты құтқару жұмыстарын жүргізу үшін іздеу прожекторларымен және өзге де құтқару құралдарымен қосымша жабдықтау қажет".